«Кәусар-Әли» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттық анықтама
1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | «Кәусар-Әли» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
2 | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен — жайы) | Қазақстан Республикасы,Түркістан облысы,Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылы , массив «Строитель»-22/2 ғимарат. |
3 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт) | Байланыс нөмірі 87476626151, электронды поштасы kundiz070278@mail.ru ресми сайт: https://kausar-ali-edu.kz/ |
4 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі) | Тореева Меруерт Темирхановна, 26.07.1985 жылы туылған. Жеке куәлігі №030709871, ЖСН 850726402422. Құрылтайшының 01.09.2016 жылғы шешімімен тағайындалған. |
5 | Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі) | Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 11.11.2015 жылы берілген. БИН 150440022084 Құжаттар көшірмесі қоса жолданды. |
6 | Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы толон қайта жылғы 20 желтоқсан №KZ90RVK00043875 Құжаттар көшірмесі қоса жолданды. |
7 | Құрылған жылы | 2015жыл,2023 жыл |
8 | Типтік ғимарат | екі қабатты,бейімделген |
9 | Топтар саны | 14 топ |
10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі |
11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік |
12 | Ауысым саны | Тәрбиешілер: 2 ауысым |
13 | Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетінің ұзақтығы – минутпен | Кіші жас топ-54 бала Ортаңғы топ-66 бала Ересек топ -100 бала МАД топ-100 |
14 | МДҰ – ның жобалық әлеуеті | Балабақша орны 320 балаға арналған. 03.02.2023 жылы 320 балаға № Х.05.Х.KZ71VWF00087829 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды. |
Балабақша ғимараты 2 қабатты бейімделген, заман талабына сай. Балабақша 350 орындық. Әр топ 25 балаға лайықталған. Балабақша аптасына
5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін. Балабақшада 14 топ жұмыс жасайды «Бәйшешек» , «Болашақ», «Балбөбек» ортаңғы топтар, «Қызғалдақ», «Балауса», «Жауқазын», «Балапан» ересек топтары және «Бәйтерек», «Балдырған», «Балдәурен» «Қарлығаш» мектеп алды даярлық тобы. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде.
Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, бөлмелері бар. Бұдан басқа музыка залы, мед кабинет, асхана жұмыс жасайды. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері автономды.Су орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинет санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман жабдықтармен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған. Ауладағы ойын алаңында балалар ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен бірге бала отырып демалатын саялы көлеңкелі ойын алаңдары қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған спорт алаңы бар.
Балабақшаның арнайы бөлмелері:
— Меңгеруші кабинеті;
— Әдістемелік кабинет;
— Психолог кабинеті;
— Медициналық кабинет;
-Азық-түлік сақталатын қойма;
— Теледидар – 14 дана;
— Компьютер – 3 дана;
— Ноутбук – 1 дана;
Принтер 2-дана.
Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері», «Ертегілер әлемі» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық», «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», кітаптар сөресі, «Табиғат бұрышы» білім салалары бойынша дамытушы орталықтар жасақталған.